🔰📙АУДАНДЫҚ “МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ОҚУЛАРЫ” БАЙҚАУЫ » «№207 мектеп-лицей»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (777) 814-87-73
Есепші бөлімі:
+7 (777) 814-87-73
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🔰📙АУДАНДЫҚ “МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ОҚУЛАРЫ” БАЙҚАУЫ
19
ақпан
2024

🔰📙АУДАНДЫҚ “МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ОҚУЛАРЫ” БАЙҚАУЫ

🔰📙АУДАНДЫҚ “МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ОҚУЛАРЫ” БАЙҚАУЫ
2024 жылдың 19 ақпан күні N207 мектеп-лицейде жалпы білім беретін мектептер арасында республикалық “Мұқағали оқулары” байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты - мектеп оқушылары арасында Мұқағали Мақатаев шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын анықтау, жас талапкер ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.
Аудандық байқауға
12 мемлекеттік мектеп және 3 жеке мектептен 45 оқушы
3 номинация бойынша қатысып, өз бақтарын сынады.
Байқаудың қалалық кезеңіне “Айтып өткен ақында арман бар ма?” мәнерлеп оқу сайысы бойынша N206 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Оңғарбай Фариза Амангелдіқызы;
“Жыр эстафетасы” номинациясы бойынша
N200 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы
Усидиндила Каусар;
“Көгірегімде жыр сәулесі маздайды” ақындар мүшәйрасы бойынша
N207 мектеп-лицейдің
10 сынып оқушысы Төлебек Арина Айдосқызы
жолдама алды.
Оқушыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!