📚ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ (ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫСТАР)📚 » «№207 мектеп-лицей»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (777) 814-87-73
Есепші бөлімі:
+7 (777) 814-87-73
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📚ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ (ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫСТАР)📚
30
қаңтар
2024

📚ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ (ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫСТАР)📚

    • 📚ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ (ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫСТАР)📚
      Алматы қаласы,
      Наурызбай ауданы
      №207 мектеп-лицейде қаңтар-желтоқсан айлары бойынша оқу-тәрбие жұмыс жоспары негізінде төмендегідей жұмыстар жасалды.
      Атап айтар болсақ:
      ✅ 2023 жылдың 16 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды балалар жылы деп белгілеп, балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік беретін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында №207 мектеп-лицей ашылды.
      ✅20.02.23ж.-03.03.23 ж. аралығында бастауыш әдіс бірлестігінің «Бастауыш- білімнің бастауы» атты онкүндігі өтті. Онкүндік барысында 12 ашық сабақ, 1 сынып сағаты және сыныптан тыс 11 іс-шаралар өткізілді.
      ✅ең алғаш рет 03.02.2023 ж. күні мектептің мәжіліс залында «Мұқағали Мақатаев- мұзбалақ ақын» атты әдеби-сазды кешпен бастадық.Бұл байқау оқушылардың жыр додасымен қатар, мұғалімдердің де ақын рухына арнап шығармашылық кеші болды.
      ✅ Республикалық Мұқағали оқуларынан аудандық кезеңінде 9 сынып оқушысы Әуелхан Әлішер 1 -дәрежелі дипломмен марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алды.
      ✅Республикалық Әбіш оқуларының аудандық кезеңінде мектебіміздің 11 сынып оқушысы Ақбар А. көркемсөз номинациясы бойынша жүлделі 2 дәрежелі дипломмен, «иллюстрация» номинациясы 8 сынып оқушысы А. Исмайылов 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.


      • 207mektep_licey

        ✅2023 жылдың 23 мамыр күні 9 сыныптарға SENIMEN BOLASHAQ Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатысуымен «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді.
        ✅Халықаралық «Шоқ жұлдыз» атты балалар байқауынан Кали Мағжан І орын;
        ✅Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми жоба байқауы бойынша Тортай Ернұр І орын;
        ✅ Халықаралық математика конкурсы Мейірхан Дастан І орын;
        ✅Халықаралық «Сайра, бұл-бұл!» көркем сөз байқауынан Мұхтар Айәділ бас жүлде;
        ✅ Халықаралық «Жыл құсы» сурет байқауынан Жұмағазы Кәусар бас жүлде;
        ✅ Халықаралық «Жер жанаты Жетісу» қолөнер шеберлерінің «ЭТНО-АРТ-ДИЗАЙН» бағытындағы көрме байқауында ІІІ дәрежелі диплом Сангалиева Шынарай Нурлыбайкызы марапатталды;
        ✅"Қырғызстан Республикасы Дизайнерлер Одағы «Өнер керуені-Ыстықкөл-2023» Халықаралық Қырғыз-Қазақ симпозиумында “Сәндік-қолданбалы өнер (Құрақ өнері)” номинациясы бойынша, ерекше белсенді қатысқаны үшін ризашылығымызды білдіре отыра Дипломмен Сангалиева Шынарай Нурлыбайкызы марапатталды
        ✅Ақбар Ақбота 9 А сынып Сертификат Қалалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі
        ✅ Джумагай Ислам 7 сынып сертиификат Қалалық «Жас қалам» олимпиада
        ✅"Айдынқызы Алтынай
        ✅ Карынбай Арай 9, 10 сынып сертификат Қалалық «Алтын қалам» олимпиада
        ✅"Асанова Айзере
        ✅ Аканов Амир
        ✅ Мықтыбек Айдар 4,6,8 сынып ІІІ дәрежелі диплом Қалалық «Алматы-әсем қала» эссе байқауы
        ✅Байғалы Айым 5 сынып І дәрежелі диплом Қалалық «Менің ұстазым» байқауы
        ✅Шаймардан Ақбота 9 сынып сертификат Қалалық «Менің кіші отаным» байқауы
        ✅ Республикалық "Дарын" ғылыми жобалар бвйқауының қалалық кезеңі бойынша III дәрежелі диплом Ақатай Ақерке, Каматай Гүлсая. 10-сынып.
        ✅«АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Мектепте/колледжде бір күн» челенджінің «Ең танымал бейнеролик» номинациясы бойынша №207 мектеп-лицейі грамотамен марапатталады.
        Ответить

      • 207mektep_licey

        ✅Республикалық Ілияс оқуларының аудандық кезеңінде мектебіміз өз дарындарымен мақтана алады. 8 сынып оқушысы Мұхаммед Б «Ілияс-сөз шебері» номинациясы бойынша 3 дәрежелі дипломмен , 2дәрежелі дипломмен С.Төлеген марапатталды.
        ✅Жыр мүшайрасы сайысынан ІІ дәрежелі диплом марапатталды.
        ✅Аудандық Мәшһүр-Жүсіп Көпеев оқуларына эссе номинациясы бойынша 10 сынып Султанова Жанетта 1дәрежелі дипломмен, жоба номинациясы бойынша А.Ақатай 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
        ✅«Қадыр оқулары» бойынша Қалалық жүлдегер М.Ереш 3дәрежелі дипломмен марапатталды.
        ✅ Республикалық «Абай оқулары» шарасы барысында қалалық кезеңде мәнерлеп оқудан Ә.Әуелхан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
        ✅ Республикалық «Абай оқулары» байқауында «Өлең- сөздің патшасы» эссе номинациясы бойынша 2дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушысы Каматай Гүлсая, мәнерлеп оқудан 9 сынып оқушысы М.Ноғайлы 3дәрежелі дипломмен, ән байқауынан 10 сынып оқушысы Султанова Жанетта ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
        ✅ «ХХІ ғасыр нақты ғылымдарғасыры» атты онкүндік 2023жылдың 03.04-14.04 аралығында Жаратылыстану – математика әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өткізілді.
        ✅«Өнер- ұлттың асыл қазынасы»24.04-05.05.2023ж. Эстетикалық (Көркем еңбек және музыка пәндері) кафедрасының онкүндігі өтті.
        ✅«Салауатты өмір-жарқын болашақ» тақырыбында дене шынықтыру пәні және АӘД мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өтті.
        ✅Мектеп-лицейде 2023 жылдың 06.03-16.03.аралығында «Жаратылыс сыры- ғылымда» атты жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының онкүндігі өтті.
        ✅Наурыз мерекесіне орай «Моншақпен сурет салу» аудандық байқауында көркем еңбек мұғалімдері мен мектеп-лицей оқушылары аудан бойынша І орынды жеңіп алды.
        ✅2023жылдың 23 мамыр күні SENIMEN BOLASHAQ Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатысуымен «Баланың бас ұстазы-Ата-ана» тақырыбында ата-аналар форум өткізілді.
        ✅2023 жылдың 24 мамыр күні «Әкеден ақыл»тақырыбында әкелер жиналысы өткізілді.
        ✅Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында мектеп-лицей мұғалімдері мен оқушылары арасында «Директор кубогы» атты спорттық сайыс өтті.