14
мамыр
2025
Бүгін Наурызбай ауданы, №207 мектеп-лицейде Медицина қызметкерлерімен жоспарлы түрде 8-11 сынып оқушыларының қыздарына «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу» және ұлдарға «Жұқпалы аурулар. Олардың алдын алу шаралары» т
Бүгін Наурызбай ауданы, №207 мектеп-лицейде Медицина қызметкерлерімен жоспарлы түрде 8-11 сынып оқушыларының қыздарына «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу» және ұлдарға «Жұқпалы аурулар. Олардың алдын алу шаралары» тақырыбында кездесу өтті. Дәрісті С.Д. Асфендияров атындағы КазҰМУ «Акушерлік және гинекология» кафедрасының профессор ассистенттері Ш.М.Садуакасова, Ж.У.Базарбаева, №36 Қалалық Емхана акушер- гинекологы С.А.Талгатовна және №36 Қалалық Емхана психологы Х.А.Бақытқызы жүргізді. Кездесуге қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері, отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Омарова Гүлнар Мансұрқызы қатысып, мектеп-лицей оқушыларына қыз баланың қоғамдағы рөлі, балаға берілетін рухани тәрбие, ұл баланы батырлыққа, төзімділікке, туған жерге, елге, тіліне, мәдениетіне құрметпен қарауға баулу туралы түсіндіріп өтті. Кездесу барысында Мектеп-лицей басшысы А.С. Елеманова сөз алып, қазақ отбасындағы бала тәрбиесі туралы айтып өтті.
Кездесу мақсаты: қыз балаларға ерте жүктіліктің денсаулыққа, болашағына кері әсерін түсіндіру, жұқпалы аурулардың алдын алу, жасөспірімдер арасында жауапкершілікті, өзін-өзі құрметтеуді, мінез құлық дағдыларын қалыптастыру.
Кездесу соңында қатысушылар қыз балалар мен ұл балалардың сұрақтарына жауап берді.