№207 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ"КММ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ (ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫСТАР)📚 » «№207 мектеп-лицей»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (777) 814-87-73
Есепші бөлімі:
+7 (777) 814-87-73
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» №207 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ"КММ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ (ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫСТАР)📚
25
желтоқсан
2023

№207 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ"КММ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ (ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫСТАР)📚

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ (ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫСТАР)📚
Алматы қаласы,
 Наурызбай ауданы
 №207 мектеп-лицейде  қаңтар-желтоқсан айлары бойынша  оқу-тәрбие жұмыс жоспары негізінде төмендегідей жұмыстар жасалды. 
Атап айтар болсақ:
✅ 2023 жылдың 16 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды балалар жылы деп белгілеп, балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік беретін  «Жайлы мектеп»  ұлттық жобасы аясында №207 мектеп-лицей ашылды.
✅20.02.23ж.-03.03.23 ж. аралығында  бастауыш әдіс бірлестігінің  «Бастауыш- білімнің бастауы» атты   онкүндігі өтті. Онкүндік барысында 12 ашық сабақ,                            1 сынып сағаты және сыныптан тыс 11 іс-шаралар өткізілді. 
✅ең алғаш рет 03.02.2023 ж. күні мектептің мәжіліс залында «Мұқағали  Мақатаев- мұзбалақ ақын» атты әдеби-сазды кешпен бастадық.Бұл байқау оқушылардың жыр додасымен қатар, мұғалімдердің де ақын рухына арнап шығармашылық кеші болды.
✅ Республикалық Мұқағали оқуларынан аудандық кезеңінде 9 сынып оқушысы Әуелхан Әлішер 1 -дәрежелі дипломмен марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алды.
✅Республикалық  Әбіш оқуларының аудандық кезеңінде мектебіміздің 11 сынып оқушысы Ақбар А. көркемсөз номинациясы  бойынша жүлделі 2 дәрежелі дипломмен, «иллюстрация» номинациясы 8 сынып оқушысы А. Исмайылов                               3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
✅Республикалық Ілияс оқуларының аудандық кезеңінде  мектебіміз өз дарындарымен мақтана алады. 8 сынып оқушысы Мұхаммед Б «Ілияс-сөз шебері»  номинациясы бойынша 3 дәрежелі дипломмен , 2дәрежелі дипломмен С.Төлеген  марапатталды.
✅Жыр мүшайрасы сайысынан ІІ дәрежелі диплом марапатталды. 
✅Аудандық  Мәшһүр-Жүсіп Көпеев оқуларына  эссе номинациясы бойынша 10 сынып Султанова Жанетта 1дәрежелі дипломмен, жоба номинациясы бойынша  А.Ақатай              3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
✅«Қадыр оқулары» бойынша Қалалық жүлдегер М.Ереш 3дәрежелі дипломмен марапатталды.
✅ Республикалық  «Абай оқулары»   шарасы барысында қалалық кезеңде мәнерлеп оқудан  Ә.Әуелхан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
✅ Республикалық «Абай оқулары» байқауында «Өлең- сөздің патшасы»  эссе номинациясы бойынша 2дәрежелі дипломмен  9 сынып оқушысы Каматай Гүлсая, мәнерлеп оқудан  9 сынып оқушысы  М.Ноғайлы 3дәрежелі дипломмен, ән байқауынан 10 сынып оқушысы  Султанова Жанетта ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
✅ «ХХІ ғасыр нақты ғылымдарғасыры» атты онкүндік 2023жылдың                                             03.04-14.04 аралығында Жаратылыстану – математика әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өткізілді.
 ✅«Өнер- ұлттың асыл қазынасы»24.04-05.05.2023ж. Эстетикалық (Көркем еңбек және музыка пәндері) кафедрасының онкүндігі  өтті.
✅«Салауатты өмір-жарқын болашақ» тақырыбында дене шынықтыру пәні және АӘД мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өтті.
✅Мектеп-лицейде  2023 жылдың 06.03-16.03.аралығында                                                 «Жаратылыс сыры- ғылымда»  атты жаратылыстану-ғылыми  пәндер кафедрасының онкүндігі өтті.
✅Наурыз мерекесіне орай «Моншақпен сурет салу» аудандық  байқауында көркем еңбек мұғалімдері мен мектеп-лицей оқушылары аудан бойынша І орынды жеңіп алды.
✅2023жылдың 23 мамыр күні SENIMEN BOLASHAQ  Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатысуымен «Баланың бас ұстазы-Ата-ана» тақырыбында ата-аналар форум өткізілді.
✅2023 жылдың 24 мамыр күні «Әкеден ақыл»тақырыбында әкелер жиналысы өткізілді.
✅Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында мектеп-лицей мұғалімдері мен оқушылары арасында «Директор кубогы» атты спорттық сайыс өтті. 
✅2023 жылдың 23 мамыр күні 9 сыныптарға SENIMEN BOLASHAQ  Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатысуымен  «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді.
✅Халықаралық «Шоқ жұлдыз» атты балалар байқауынан Кали Мағжан І орын;
✅Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми жоба байқауы бойынша Тортай Ернұр                 І орын;
✅ Халықаралық математика конкурсы  Мейірхан Дастан І орын;
✅Халықаралық «Сайра, бұл-бұл!» көркем сөз  байқауынан Мұхтар Айәділ бас жүлде;
✅ Халықаралық «Жыл құсы» сурет байқауынан Жұмағазы Кәусар  бас жүлде;
✅ Халықаралық «Жер жанаты Жетісу» қолөнер шеберлерінің «ЭТНО-АРТ-ДИЗАЙН» бағытындағы көрме байқауында ІІІ дәрежелі диплом Сангалиева Шынарай Нурлыбайкызы марапатталды;
✅"Қырғызстан Республикасы Дизайнерлер Одағы «Өнер керуені-Ыстықкөл-2023» Халықаралық Қырғыз-Қазақ симпозиумында “Сәндік-қолданбалы өнер                    (Құрақ өнері)” номинациясы бойынша, ерекше белсенді қатысқаны үшін ризашылығымызды білдіре отыра Дипломмен Сангалиева Шынарай Нурлыбайкызы марапатталды
✅Ақбар Ақбота 9 А сынып Сертификат Қалалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі
✅ Джумагай Ислам 7 сынып сертиификат Қалалық «Жас қалам» олимпиада
✅"Айдынқызы Алтынай
✅ Карынбай Арай 9, 10 сынып сертификат Қалалық «Алтын қалам» олимпиада 
✅"Асанова Айзере
✅ Аканов Амир
✅ Мықтыбек Айдар 4,6,8 сынып ІІІ дәрежелі диплом Қалалық «Алматы-әсем қала» эссе байқауы
✅Байғалы Айым 5 сынып І дәрежелі диплом Қалалық «Менің ұстазым» байқауы
✅Шаймардан Ақбота 9 сынып сертификат Қалалық «Менің кіші отаным» байқауы
✅ Республикалық "Дарын" ғылыми жобалар бвйқауының қалалық кезеңі бойынша                  III дәрежелі  диплом Ақатай Ақерке, Каматай Гүлсая. 10-сынып.
✅«АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Мектепте/колледжде бір күн» челенджінің «Ең танымал бейнеролик» номинациясы бойынша №207 мектеп-лицейі грамотамен марапатталады.