№207 мектеп-лицейде 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап, 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау басталды. » «№207 мектеп-лицей»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (777) 814-87-73
Есепші бөлімі:
+7 (777) 814-87-73
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №207 мектеп-лицейде 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап, 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау басталды.
01
сәуір
2023

№207 мектеп-лицейде 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап, 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау басталды.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 12 қазандағы
№ 564 бұйрығына қосымша
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №207 мектеп-лицейде 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап, 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау басталды.
9-1. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру екі тәсіл: көрсетілетін қызметті беруші арқылы "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қағаз түрінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін баланың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету стандартында көрсетілген Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаның сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
9-2. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.