24
мамыр
2024
1-11 сынып оқушылары арасында «Білімім- Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзі негізінде, Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында «Білімім- Отаныма» оқу бітіру іс-шараларын өткізу тұжырымдамасында адамгершілік, ізгілік, жанашырлық идеологиясы, адамгершілік көрінісі және оған мұқтаж адамдарға қолдау көрсетілуі көзделді.
Осыған орай, 24-мамыр күні Алматы қаласы,Наурызбай ауданы, №207 мектеп-лицейде 1-11 сынып оқушылары арасында «Білімім- Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары болып өтті. Сынып сағаттарында Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаевтың Қазақстан Республикасының барлық оқушыларын оқу жылының аяқталуымен құттықтауы көрсетілді.
Сонымен қатар Қазақстанның географиясына тоқталып, еліміздің маңызды да көрікті жерлері туралы ақпараттармен бөлісіп, тарихи-мәдени ескерткіштер мен Қазақтың батырлары туралы әңгіме-аңыздардан үзінділер келтірді.
#bilimim_otanyma