12
наурыз
2024
12 наурыз күні “Жаратылыстану пәндері негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары” тақырыбында аудандық семинар өтті.



207mektep_licey Алматы қаласы
Наурызбай ауданы
N207 мектеп-лицейде
12 наурыз күні “Жаратылыстану пәндері негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары” тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Жаратылыстану пәндерін оқытуда оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды қолданып, оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру.
Семинарда мектеп-лицей директоры А.Елеманова сөз алып,келген қонақтар мен мұғалімдерге сәттілік тіледі.
Семинарға Алматы қаласы білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының география пәндерінің әдіскері Төлеубек Қизатұлы,
Наурызбай ауданы білім бөлімінің әдіскері Бралина Назия Ғалымқызы, аудан мектептерінің биология,химия,география пәндері мұғалімдері қатысты.Семинар барысында биология пәні мұғалімдері «Ойнайық та ойлайық» квест ойынын және тренинг, география пәні мұғалімдері ашық сабақтар өткізді.
Семинар соңында келген қонақтарға QR әдісі арқылы кері байланыс берілді.
Келген қонақтар семинардың жоғары дәрежеде өткенін айтып, мектеп-лицей ұжымына алғыстарын білдірді.