«HOSTEL» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу » «№207 мектеп-лицей»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (777) 814-87-73
Есепші бөлімі:
+7 (777) 814-87-73
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «HOSTEL» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу
11
желтоқсан
2023

«HOSTEL» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу

«HOSTEL» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Наурызбай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, сонымен қатар, Аппарат әкімінің қызметкерлері, Санитарлы-эпидемиология қызметкерлерімен, Полиция басқармасымен бірлесіп профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Сонымен қатар хостелдердің, жатақханалардың үй-жайлары мен ғимараттарында өрт қауіпсіздігінің мынадай ережелерін сақтау қажеттігін еске салады:

- өрт автоматикасын, өрт кезінде хабарлау жүйесін тұрақты жұмыс жағдайында ұстау;

- эвакуациялық шығуларға кедергі келтірмеу;

- өртке қарсы сумен жабдықтаудың тиісті жай-күйін қамтамасыз ету;

- өрт сөндіру құралдарының қажетті мөлшері болу;

- ғимараттардың жертөле қабаттарында адамдардың тұруына арналған үй-жайларды орналастыруға жол бермеу;

- бөлмелерде немесе қабаттарда темекі шегуге жол берілмейді;

- электр қондырғыларды  пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау;

- өрт туындаған жағдайда «112», «101» телефондары бойынша дереу хабарлау қажет.