Алматы қаласы,Наурызбай ауданы, №207 мектеп-лицейде 1-10-сынып оқушылары арасында апаттың алдын-алу мақсатында сейсможаттығу ұйымдастырылды.Сейсможаттығу кезінде барлық қызметкерлер мен оқушылар толықтай мектеп ғимаратынан эвакуацияланды » «№207 мектеп-лицей»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (777) 814-87-73
Есепші бөлімі:
+7 (777) 814-87-73
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы,Наурызбай ауданы, №207 мектеп-лицейде 1-10-сынып оқушылары арасында апаттың алдын-алу мақсатында сейсможаттығу ұйымдастырылды.Сейсможаттығу кезінде барлық қызметкерлер мен оқушылар толықтай мектеп ғимаратынан эвакуацияланды
20
сәуір
2023

Алматы қаласы,Наурызбай ауданы, №207 мектеп-лицейде 1-10-сынып оқушылары арасында апаттың алдын-алу мақсатында сейсможаттығу ұйымдастырылды.Сейсможаттығу кезінде барлық қызметкерлер мен оқушылар толықтай мектеп ғимаратынан эвакуацияланды

Алматы қаласы әкімінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі №13 ө орын алған жер сілкінісінің салдарын жою кезінде, Алматы қаласының азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерінің іс-қимылдары «Кешенді оқу-жаттығуын ұйымдастыру және өткізу туралы» өкімін орындау үшін 20 сәуір 2023ж.күні сағат 11.00де  Алматы қаласы,Наурызбай ауданы, №207 мектеп-лицейде 
1-10-сынып оқушылары арасында апаттың алдын-алу мақсатында сейсможаттығу  ұйымдастырылды.Сейсможаттығу кезінде барлық қызметкерлер мен оқушылар толықтай мектеп ғимаратынан эвакуацияланды

 Мақсаты:  оқушылар мен қызметкерлерге төтенше жағдайдағы іс-әрекеті бойынша теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру, оларды сабырлық пен өзін-өзі ұстай білуге және өзара қамқорлық пен төзімділікке үйрету.
Әрбір Алматылық "Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды" білуі керек.
Ақпаратты Алматы Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған:
1) Сабыр сақтаңыз, үрейленбеңіз;
2) Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;
3) Жиһаздардан, терезе, люстрадан алшақ тұрыңыз;
4) Тығылатын орын табыңыз, басыңызды қолыңызбен жабыңыз;
5) Жерасты дүмпулері тоқтағаннан кейін ғимараттан шығыңыз;
6) Шығар кезде суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
7) Дабыл кезіне дайындаған сөмкеңізді алыңыз (алдын ала дайын тұруы керек);
😎 Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан алшақ болыңыз;
9) Жерасты дүмпулерінің қайталануына дайын болыңыз;
10) Балаларға, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесіңіз.