13
наурыз
2023
№207 мектеп-лицейде кітапхана меңгерушісі Э.С.Жамаубаеваның ұйымдастыруымен *«Көрісу күні-Ынтымақ пен Берекенің бастауы»* атты аудандық кітапхана меңгерушілерімен салтанатты шара өтті.



Бүгін, Ұлы Даланың ұлы күні, Жаңа жыл мейрамы, Қыстан қысылмай,
аман-есен шыққан
КӨРІСУ КҮНІНЕ орай
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №207 мектеп-лицейде кітапхана меңгерушісі Э.С.Жамаубаеваның ұйымдастыруымен *«Көрісу күні-Ынтымақ пен Берекенің бастауы»* атты аудандық кітапхана меңгерушілерімен салтанатты шара өтті.
Іс-шараға Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасының электрондық ресурстар бөлімінің кітапханашысы Майра Өмірбекқызы, Наурызбай аудандық мектеп кітапханашыларының методисті Жанат Күзенбайқызы, Алматы қаласы, Наурызбай аудандық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Ләззат Нұрғалиқызы және аудандық білім беру мекемелерінің кітапханашылары қонақта болды.
Салтанатты шарада мектеп-лицей директоры А. С. Елеманова қонақтар мен оқушыларды Көрісу күнімен құттықтады.
Іс-шарада мектеп-лицей оқушылары әсем ән шырқап, би биледі.
Мақсаты:
Қазағымыздың салт- дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беру. Өз ұлтының салт-дәстүрлерін ұстанып, Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.