22
қараша
2023
«Сыбайлас жемқорлық және онымен күресу жолдары» тақырыбында адалдық сағаты
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №207 мектеп- лицейде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультетінің магистранттары Турарбек Мадияр және Майлабай Ерен Мұқажанұлы 22.11.2023ж күні 10 «А»сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлық және онымен күресу жолдары» тақырыбында адалдық сағатын өткізді. Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру;
Өсіп келе жатқан ұрпақты тұрақты даму мақсаттарын қалыптастыруға тәрбиелеу, септігін тигізу. Соның ішінде әділетті, парасатты қоғамды қалыптастыруды ұйымдастыру;
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.



