ӨЗ ЖҰЛДЫЗЫҢДЫ ЖАҚ! " жас мамандар байқауы » «№207 мектеп-лицей»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (777) 814-87-73
Есепші бөлімі:
+7 (777) 814-87-73
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӨЗ ЖҰЛДЫЗЫҢДЫ ЖАҚ! " жас мамандар байқауы
19
сәуір
2023

ӨЗ ЖҰЛДЫЗЫҢДЫ ЖАҚ! " жас мамандар байқауы

 ӨЗ ЖҰЛДЫЗЫҢДЫ ЖАҚ! "
жас мамандар байқауы

Ағымдағы жылдың сәуір айында Наурызбай аудандык Білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің жас мамандар арасындагы «Өз жұлдызыңды жақ-2023» атты байқаудың аудандық кезеңі өткізілді.Аталған байқауға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология институтының ғылыми істер жөніндегі директордың орынбасары А.Найманбаев, Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Е.Қасаев, Рақымберді Жетібай ЖШС "Білім мазмұнын дамыту институтының" құрылтайшысы әділ қазылық етті.
Байқау нәтижесі бойынша қалалық кезеңге №207 мектеп-лицейдің 1 жыл еңбек өтілі бар жас маманы Кошкарова Алия Сакиқызы І орын иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды.
Байқау соңында Наурызбай ауданы Бiлiм болiмiнiн басшысы Салтанат Амангелдiкызы жас мамандардын ой-пікірлерін тыңдап, педагогикалық еңбек жолына шығармашылық табыс пен сәттілік тілеп, байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға аудандық білім бөлімінің марапат қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды
Руха­ни жаңғыру үстіндегі жас елге энер­гиясы мен идея­сы мол жас маман­ның берері көп-ақ. Тек осы қызмет жолы­ның ал­ғашқы уақытындағы қиын­дық­тар­ға төтеп берсе болғаны.Рухани жаңғырған жастарымызға жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек. Сонда ғана кейінгі толқын ұрпақ­тың ұлтжанды һәм өз елінің патриоты болып шығатынына сеніміміз мол болады. Алия Сақиқызы саттiлiк серiк болсын!