"Жаса, жайна - Қазақстан " республикалық өнер -білім фестивалінде
"Таланттар академиясы"kz Ұлттық құндылықтарды қолдау орталығы ұйымдастырған "Жаса, жайна - Қазақстан " республикалық өнер -білім фестивалінде Наурызбай ауданы, 207 мектеп - лицейінің жас бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетіп қайтты. Нәтижесінде 1 "М" сынып оқушысы Болат Мерей Ринатұлы 2- орын, 3 "Г" сынып оқушылары Жігерұлы Бейбарыс 1- орын, Қанат Алихан 2 -орынға ие болды. Астана қаласында өтетін фестивальге жолдама алып қайтты. Сынып жетекшісі- Әлжанова Жұмагүл Ергешқызы.