«ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН-ҰЛЫ ЖЕҢІС» атты қалалық семинар » «№207 мектеп-лицей»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (777) 814-87-73
Есепші бөлімі:
+7 (777) 814-87-73
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН-ҰЛЫ ЖЕҢІС» атты қалалық семинар
02
мамыр
2025

«ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН-ҰЛЫ ЖЕҢІС» атты қалалық семинар

2025 жылы 2 мамыр күні Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, #207 мектеп-лицей ұжымының ұйымдастыруымен оқушылардың инновациялық орталығында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған «ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН-ҰЛЫ ЖЕҢІС» атты қалалық мерекелік іс-шара өтті.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, алғыс білдіру, ардагерлерге мерекелік көңіл күй сыйлау.

Іс-шараға

Наурызбай ауданы әкімнің орынбасары Айнұр Серікқызы, Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангелдіқызы,

Наурызбай ауданы білім бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері Индира Өтепбергенқызы, Наурызбай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Каркенов Мәдениет Тастанбекұлы, Этнограф, ғалым, жазушы Әлбозым Данияр, ҰОС ардагері Подколзин Леонид Никитович, Наурызбай ауданы білім беру ұйымдарының басшылары,

Қала мектептерінің ДТЖЖО, АӘД, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Келген қонақтар өз ризашылықтарын айтып, алғыстарын білдірді