Ақпарат » Страница 15 » «№207 мектеп-лицей»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (777) 814-87-73
Есепші бөлімі:
+7 (777) 814-87-73
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Тарлан” бокс клубының ашық турнирінде 40 кг салмақ дәрежесінде Бас жүлдені жеңіп алған Наурызбай ауданы, #207 мектеп-лицейдің 6 “Ә” сынып оқушысы Нұрдаулет Алдиярды құттықтап,алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
12
ақпан
2024
“Тарлан” бокс клубының ашық турнирінде 40 кг салмақ дәрежесінде Бас
Алматы қаласындағы Бокстан кіші жасөспірімдер және балғын балалар арасында өткен “Тарлан” бокс клубының ашық турнирінде 40 кг салмақ дәрежесінде Бас жүлдені жеңіп алған Наурызбай ауданы, #207 мектеп-лицейдің 6 “Ә” сынып оқушысы Нұрдаулет Алдиярды құттықтап,алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз! Біз саған сенеміз,Болашақ Чемпион🥊🤼🏆🏆🏆🥇🥇🥇
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУЫЛҒАНЫНА 93 ЖЫЛ
10
ақпан
2024
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУЫЛҒАНЫНА 93 ЖЫЛ
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУЫЛҒАНЫНА 93 ЖЫЛ Мұқағали Мақатаев есімі бүгінде бар қазаққа мәшһүр. Халқының сүйіспеншілігіне бөленген, талантымен баурап алған, қазақ поэзиясында үлкен қолтаңбасы қалдырған ақынның туылған күніне орай, №207 мектеп-лицейде «Оқуға құштар» жобасы аясында «ӘР ӨЛЕҢІ-БІР ӘЛЕМ» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ө.Нұрлыбаев пен музыка пәні мұғалімі М.Қарабисенованың ұйымдастыруымен тағылымды әдеби-кеш өтті. 
№207 мектеп-лицейде «Ақ шағала»  хореографиялық фестиваль-байқауы өтті.
09
ақпан
2024
№207 мектеп-лицейде «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауы
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №207 мектеп-лицейде «Ақ шағала»  хореографиялық фестиваль-байқауы өтті.  Мақсаты: білім алушыларды өнерге, тарихи мұраға тарту, оларды белсенді шығармашылыққа тарту;  би мәдени дәстүрлерін қалпына келтіру, би мәдениетінің тарихын зерттеу; балалардың бойында ұлттық мәдениетке, халық дәстүрлеріне құрмет және ұқыпты қарауға сезімдерін тәрбиелеу;
⚜️”ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ” КЛУБЫ⚜️
09
ақпан
2024
⚜️”ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ” КЛУБЫ⚜️
⚜️”ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ” КЛУБЫ⚜️ “Әжелер даналығы” секциясы “Әжемнің сөзі-ақылдың көзі” тақырыбында 5 сынып оқушыларының әжелерімен дөңгелек үстел өткізілді. ✅Мақсаты: Жанұядағы әже мен немере, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Оқушылардың анаға, әжеге деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын оқушылардың бойларына сіңіру.
ЖЕТІ АТАСЫН БІЛГЕН ҰЛ, ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ҚАМЫН ЖЕР!
09
ақпан
2024
ЖЕТІ АТАСЫН БІЛГЕН ҰЛ, ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ҚАМЫН ЖЕР!
ЖЕТІ АТАСЫН БІЛГЕН ҰЛ, ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ҚАМЫН ЖЕР! Ата - аналарды қолдау орталығының “Даналық мектебі” клубы ата- аналарды қолдау мақсатында “Аталар мектебі” жобасы аясында бүгін “ЖЕТІ АТАСЫН БІЛГЕН ҰЛ, ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ҚАМЫН ЖЕР!” тақырыбында 6 сынып оқушыларының ата-әкелерінің қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесуде 6 сынып оқушыларының аталары қатысып, салт- дәстүрімізді, шежіре, жеті ата тарихын насихаттады. Сонымен қатар, мектеп-лицей директоры Елеманова Алия Сейдекаримовна ұлттық тәрбие,
“Шапшаң оқу” акциясы
09
ақпан
2024
“Шапшаң оқу” акциясы
Алматы қаласы Наурызбай ауданы #207 мектеп-лицейде мектепішілік жоспарға сәйкес 2 сынып оқушылары арасында оқу жылдамдығын тексеру мақсатында “Шапшаң оқу” акциясы ұйымдастырылды. Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу шапшаңдықтарындағы қиындықтары мен кедергілерді анықтау және оларды болдырмау жолдары.
Эко жоба аясында “Климаттың өзгеруі және оған бейімделуі” волонтерлік әлеуметтік жоба
09
ақпан
2024
Эко жоба аясында “Климаттың өзгеруі және оған бейімделуі” волонтерлік
2024 жылдың 1 ақпан күні Эко жоба аясында “Климаттың өзгеруі және оған бейімделуі” волонтерлік әлеуметтік жобасы Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) әлеуметтік- экологиялық қормен бірлесіп мектебіміздің 8-сынып оқушыларына волонтерлік құрамдас бөлігі бағдарламасы шеңберінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жобаға еріктілер тобы іріктеліп алынды. Мақсаты: балаларды климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, қалдықтарды ұтымды басқару мәселелеріне үйрету.
⚜️«ӨНЕР ҰЛТТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ»⚜️
05
ақпан
2024
⚜️«ӨНЕР ҰЛТТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ»⚜️
Алматы қаласы Наурызбай ауданы #207 мектеп-лицейде ⚜️«ӨНЕР ҰЛТТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ»⚜️ ✍️2024 жылдың ақпан айының (5-16 күндері арылығында) ЭСТЕТИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ОНКҮНДІГІ жоспарланып ұйымдастырылды. 🔴Онкүндіктің мақсаты: көркем өнер әлеміне қызығушылығын арттыру арқылы оқушылардың функциональдық сауаттылығын арттыру. ✍️Онкүндіктің ашылуы аясында мектебіміздің кіре берісіне оқушылардың қолдан жасалған туындыларынан дайындалған көрме әзірленді. Осыдан кейін онкүндіктің ашылуы салтанатты түрде мектеп
“Даналық мектебі” клубының жұмыс жоспарына сәйкес “Әже даналығы” секциясы бойынша “ Ертегі-танымның көзі” тақырыбында 1 сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен даналық сағаты өтті.
02
ақпан
2024
“Даналық мектебі” клубының жұмыс жоспарына сәйкес “Әже даналығы”
Алматы қаласы Наурызбай ауданы #207 мектеп-лицейде “Даналық мектебі” клубының жұмыс жоспарына сәйкес “Әже даналығы” секциясы бойынша “ Ертегі-танымның көзі” тақырыбында 1 сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен даналық сағаты өтті. Даналық сағатының мақсаты: әжелер мектебі арқылы ертегінің танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашып,отбасында ертегіні тәрбие құралы ретінде қолдана білуге ықпал ету.  https://www.instagram.com/reel/C25VCoSLXth/?igsh=MWEwMzN6d2RrZmg0Mw==