20
сәуір
2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
8 сәуірде елімізде республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Науқан бес аптаға созылады және әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №207 мектеп-лицейде жоспарға сәйкес 20.04.2024ж.апталық сенбіліктер өтуде.
Экологиялық акцияның алғашқы аптасында «Таза өлке» апталығы аясында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
