№ 207мектеп - лицейде тәрбие жоспарына сәйкес 19. 03.2024ж. күні 22-наурыз мерекесіне орай «Наурыз-Ұлыстың ұлы күні» » «№207 мектеп-лицей»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (777) 814-87-73
Есепші бөлімі:
+7 (777) 814-87-73
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 207мектеп - лицейде тәрбие жоспарына сәйкес 19. 03.2024ж. күні 22-наурыз мерекесіне орай «Наурыз-Ұлыстың ұлы күні»
19
наурыз
2024

№ 207мектеп - лицейде тәрбие жоспарына сәйкес 19. 03.2024ж. күні 22-наурыз мерекесіне орай «Наурыз-Ұлыстың ұлы күні»

Алматы қаласы , Наурызбай ауданы № 207мектеп - лицейде  тәрбие жоспарына сәйкес 19. 03.2024ж. күні  22-наурыз мерекесіне орай  «Наурыз-Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында 1-11 сынып арасында сынып сағаттары өткізілді.
 Мақсаты:
 Халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
 Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне баулу.
Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.
Және мектеп- лицейде демалыс уақытысындағы қауіпсіздік
шараларын түсіндіру мақсатында 5-11 сынып
оқушыларына түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Мақсаты:балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты
және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі
мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан
қалыптасуын қамтамасыз етуге;
Демалыс кезінде су қауіпсіздігін сақтауын
қадағалау; жасы кішкене балаларды өздігінен
өзенге жібермеу; өзенге шомылғанда терең жерге
бармау туралы ескерту;
Сіріңке, жарылғыш, тез жанғыш заттарды тағы да
басқа денсаулыққа зиян әкелетін заттарды
қолдануға болмайтынын ескерту.