06
қыркүйек
2023
5 қыркүйек -Қазақстан халқы тілдері мерекесі
Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру мен оқушылардың туған тілін жете білуге қызығушылығын арттыру мақсатында 5 қыркүйек -Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай 2 “К” сыныбында “Тәуелсіз ел,мәртебелі тіл”тақырыбында сынып сағаты болып өтті. Сабақ барысында білум алушыларға өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы жайында ақпараттар беріліп, өмірбаянымен таныс болды. Білім алушылар Отанға, тілге деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдарымен жеткізді. Сынып жетекшісі: Кишкеева Макпал Кенжебековна
***
Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.📝
(С) А.Байтұрсынұлы