26
маусым
2023
«Өмір мен есірткі үйлесімді емес»
Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығында (ОИШО) 26 маусым күні «Өмір мен есірткі үйлесімді емес» тақырыбында Наурызбай ауданы мектептері, ата-аналар, құқық-қорғау органдарының, дәрігерлердің қатысуымен нашақорлық күніне орай ұйымдастырылған форумға №207 мектеп-лицей директоры Алия Сейдекәрімқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар мен оқушылары қатысты.
Мақсаты: адамзаттың тағдырына қауіп төндіретін есірткі мен темекінің зиянын түсіндіре отырып, оқушыларды саналыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, жан сұлулығымен қатар тәніміздің әдемілігін сақтауға тәрбиелеу. Отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа баулу.